Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өтті.

Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өтті.

А.ж. 27 наурызда Павлодарда коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өтті.

Талқылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сандуғаш Калижанованың басшылығымен өтті.

Жекешелендіру туралы шешім қабылдау кезінде жария тыңдаулар өткізу – ашықтықты және қоғамның тартылуын арттыруға бағытталған қолданыстағы заңнаманың жаңа нормасы екенін атап өткен жөн.

Тыңдау жұмысына облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бәкір Демеуов, депутаттар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ өңір тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын айтып, қарастырылып отырған мәселенің негізгі аспектілерін талқылады.

Хаттама