
Ағымдағы жылдың 20 наурызында С. Калижанованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында облыстық бюджетке, облысты басқару сұлбасына, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша ұсынуға қатысты шешімге енгізілетін өзгерістер қаралды.
Бұдан басқа, бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды деп тану туралы мәселесі қаралды.