2026 жылғы 26 наурыз күні сағат 10.00-де Павлодар қаласында (Академик Сәтпаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың XXIX кезекті сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1.Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 229/26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі «Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» № 125/12 шешіміне толықтырулар енгізу туралы және басқа да мәселелер