Мәслихат аппаратының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және аппарат жұмысында ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.