Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко Астанада өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысына қатысты

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко Астанада өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысына қатысты

Іс-шара Парламент депутаттарының, мәслихат төрағаларының, қоғам қайраткерлерінің, орталық мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғаларының, БАҚ өкілдерінің, өңірлердің қоғамдық кеңестерінің, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтардың қатысуымен кеңейтілген форматта өтті.

Комиссия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын орындау үшін жұмыс жасайды.
Комиссия жұмысына Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия төрағасының орынбасарлары: Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Бірінші отырыста қатысушылар ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша негізгі ұсыныстарды толықтай қарастырды.

@Pavlodarnews.kz.