Пресс-релиз

Пресс-релиз

2026 жылғы 14 қаңтарда сағат 10.00-де Достық Үйінің мәжіліс залында (Мәшһүр Жүсіп к-сі, 35/1) облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.
«Қоғамдық кеңестер туралы»" ҚР Заңының 23-бабына сәйкес күн тәртібінде: Павлодар облысының әкімі А.Қ. Байхановтың «2025 жылы Павлодар облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары және 2026 жылға қойылған міндеттері туралы» есебін, сондай-ақ облыстық мәслихат пен қоғамдық кеңес төрағаларының қосымша баяндамаларын тыңдау.
Отырысқа басқарма басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, қалалық және аудандық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің төрағалары шақырылды.