Заседание постоянной комиссии по вопросам экономики и бюджета

Заседание постоянной комиссии по вопросам экономики и бюджета

Облыстық мәслихатқа облыс әкімдігімен Павлодар облысының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасы қарау үшін енгізілді. Бұл өңірдің орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын негізгі құжаттардың бірі.

Облыстық мәслихат депутаттары комиссиялардың отырыстарында жобаны толық зерделеп, талқылау барысында қаражатты жұмсаудың негізгі бағыттары, басым салалар, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы және экономиканы дамыту жоспарлары қаралды. Отырыстардың қорытындысы бойынша бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастырылды.

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қорытынды отырысы өтті. Депутаттар енгізілген барлық ұсыныстарды егжей-тегжейлі талқылап, олардың бюджеттің негізгі параметрлеріне әсерін талдап, ортақ пікірге келді. Айтылған ұсыныстарды ескере отырып комиссия облыстық бюджет жобасын қолдады және оны одан әрі қарау үшін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына шығаруды ұсынды.