Аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Болат Аманжоловтың төрағалығымен Аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына Аграрлық комиссияның мүшесі Қалауиден Ибрагимов, Павлодар облысының фермерлері қауымдастығының төрағасы Ерлан Токтушаков, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алибек Каленов қатысты.
Кездесу аясында өңіріміз үшін маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі — агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау мәселесі қаралды.
Отырыс барысында қатысушылар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша субсидиялау процестерін жақсарту және облыстың мемлекеттік органдары мен фермерлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша одан әрі қадамдар белгіленді. Осы бағыттағы жұмыс келесі кездесулер шеңберінде жалғастырылатын болады.