Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Павлодар облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Болат Аманжолов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында өтініш білдірушімен кәсіпкерлер үшін мемлекеттік субсидиялар мен гранттар беру, сондай-ақ Жасыбай демалыс аймағында жер учаскесін жалға алу мәселелері көтерілді.
Өтініш білдірушіге қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді. Заң көмегі мен кеңес алу үшін Павлодар облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасына жүгіну ұсынылды.