19 маусымда Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия жұмысына Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Сергеевич Теренченко, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
1. 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, соның ішінде Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебі.
2. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 175/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Мәселелердің әрқайсысы депутаттардың қатысуымен талқыланды, ұсынымдар берілді және тиісті шешімдер қабылданды.