Май аудандық Қоғамдық кеңес отырысы

Май аудандық Қоғамдық кеңес отырысы

Май аудандық Қоғамдық кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында 3 мәселе қаралды. Отырысқа Қоғамдық кеңесінің мүшелері тиісті бөлім басшылары, баяндамаларын жасады. 

Отырыстын қаралған сұрақтар: Аудан бойынша шабындық жерлердің жетіспеушілігі, сонымен қатар жер телімін жалға алу уақытын ұзарту бойынша құжаттарды ресімдеу ретінің халыққа қолайсыздығы. Жыл сайын шөп шабу, шөп сату коммерциялық негізде жүргізілуінің себебі. Бозшаның жанындағы мал жайылатын жерді халыққа қайтару бойынша қандай жұмыстар атқарылуда. Қырда және ауылға жақын маңатта ор қазған жерлерді жабу бойынша жұмыстары атқарылуда ма? деген сұраққа Май ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Б. Мағауов жауап берді. Май аудандық ауруханасы» КМК басшысының орынбасары Р.К. Құсайынова келесі сұрақтарға жауап берді, адам папиллома вирусы вакцинациясын егу қашанға жоспарланып отыр және ол ақылы болады ма?. Есепте тұрған науқас адамдарды уақытылы және толық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі ма?

Семей ядролық сынақ полигоны туралы» Заңда жалақыға қосымша төлемақы 1,5 АЕК және 10 тәулік ақылы еңбек демалысына қосымша төлемдер төлеу туралы және Полигон куәлігі жоқ адамдар бар, бірақ олар жылдар бойы зарядталған жоғары тәуекел аймағында жұмыс істейді және тұрады. Аталған сұрақтарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Қ.Қайырбек баяндама жасады.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелелері барлық баяндамаларды тыңдап, ұсыныстар енгізіп, оң пікірлерін білдірді.

<p Май аудандық Қоғамдық кеңес.