
Шахматтан турнир
Ағымдағы жылдың 31 наурызда Павлодарда бүкіл облыстың интеллектуалды ойын әуесқойларын жинаған «Senat Open», шахматтан ІІ ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті. Май аудандық мәслихатының төрағасы Хызыр Мейрамбек, Май аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ахшалов Мақсат Бекмұхамбетұлы, Көктүбек ауылдық округінің әкімі Темірғалинов Әкімбек Қалиакбарұлы, 4-шақырылымның депутаты Шмид Сергей Халелұлы, Баскөл ауылдық округінің әкімі Ерболат Арғынтаев, Қоғамдық кеңес мүшелері Мұстафин Көшербай Қуанышұлы, Темірғалинов Ақылбек Қалиакбарұлы, Баскөл ауылдық округінің бас маманы Қуанышев Ержан Көшербайұлы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жартылай финалға Темірғалинов Әкімбек Қалиакбарұлы мен Қуанышев Ержан Көшербайұлы өтті.