Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілінің отырысы

Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілінің отырысы

Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілінің отырысы

      Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілінің  М.Б. Ахшаловтың 2025 жылғы 20 наурызда бірінші тоқсан қортындысы бойынша отырысы өтті. Отырысқа Май аудандық мәслихатының депутаттары, Май ауданының бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Жанар Тұрысбекқызы Дюсекина, Май аудандық мәслихатының аппаратының мемлекеттік қызметшілері А.Бакауова, А.Уайханова және С.Тулебаева қатысты.

     Бірінші сұрақ бойынша «Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды қатан сақтау жөнінде» Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілінің М.Б.Ахшаловтың баяндамасы тындалды. Баяндамада мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы  заңнамаларды қатан сақтауын, оның ішінде іскерлік әдеп пен, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауын, ойын мекемесіне барудан тартынуын және Наурыз мейрамы күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануын және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуін бойынша ақпарат берілді.

     Екінші сұрақ бойынша - Май аудандық мәслихатының депутаттарына және Май аудандық мәслихатының аппаратының мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету жөнінде Май ауданының бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас мамана Жанар Түрысбекқызы Дюсекинаның ақпараты тындалды. Жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру мәселелері бойынша тиісті сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.