Хабарлама
Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының
сайлау комиссияларының мерзінен бұрын шығып қалған
мүшелеріның орнына сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Павлодар облысы Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, № 356, № 361, № 593 учаскелік сайлау комиссиясының және № 1, № 2, № 4, № 8 округтік сайлау комиссияларының мерзінен бұрын шығып қалған мүшелерінің орнына туралы хабарлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 01 қазаннан бастап 17 қазанға дейін Май аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы мәлметті, кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына келісімі туралы белгіленген өтініштің нысанын аудандық мәслихатының сайтында алуға болады www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-maysk
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Сайлау Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 7 ақпанға дейін, дүйсенбі - жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс-13:00-ден 14:30-ға дейін.
Байланыс ақпараты:
«Май аудандық мәслихатының аппараты» ММ
Мекенжайы: Май ауд., Көктөбе а-ы, Абылайхан көш-і, 32, 1-ғимарат
Төраға – Хызыр Мейрамбек
Жауапты тұлға: Ахшалов Максат Бекмұхамбетович
Телефон: (8 718-38) 91-1-69
Ұялы телефон: 8-705-148-76-32
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8-718-38-91-3-51
Электрондық пошта: mai_maslihat@mail.ru
Май аудандық мәслихат аудандық аумақтық, 3 учаскелік және 4 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.
|
№
|
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің босаған орын саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
|
||||||
|
1 |
|
Аудандық окушылар үйі |
Көктөбе |
Әйтеке би |
12 |
1 |
|
Учаскелік сайлау комиссия - 6
|
||||||
|
1 |
№ 356 |
ауылдық клубының ғимараты |
Майтүбек |
Б. Момышұлы |
7/5 |
1 |
|
2 |
№ 361 |
ауылдық клубының ғимараты |
Малайсары |
Маметова |
1 |
2 |
|
3 |
№ 593 |
Ерсін Мұқашев атындағы орта мектебінің ғимараты |
Көктөбе |
С.Сейфуллин |
3/1 |
1 |
|
Округтік сайлау комиссия - 5 |
||||||
|
1 |
№ 1 |
Ақжар ЖОББМ ғимараты |
Ақжар |
Құрманғазы |
4 |
1 |
|
2 |
№ 2 |
Қаратерек ЖОББМ ғимараты |
Қаратерек |
Жабаева |
17 |
1 |
|
3 |
№ 4 |
Малайсары ауылдық клубының ғимараты |
Малайсары |
Маметова |
1 |
1 |
|
4 |
№ 8 |
Аудандық мәдениет үйінің ғимараты |
Көктөбе |
Абылайхана |
40 |
1 |