VІІІ сайланған Май аудандық мәслихатының «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау мәселелері» «Агроөнеркәсіпті дамыту және жер қатынастарын реттеу» жөніндегі депутаттық тұрақты комиссияның біріккен отырысы
Отырыс барысында күн тәртібіндегі 2 сұрақ қаралды:
- Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 3/3 «Май ауданының жер комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Комиссия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Май аудандық мәслихатының аппараты