
Конституция жобасын кеңінен талқылауға арналған актив отырысы
Май ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылауға арналған актив отырысы өтті.
Жиын барысында Май аудандық мәслихатының төрағасы М.Хызыр, аудандық Қоғамдық кеңестің төрайымы Г.Карманова, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Акимов, мәслихат депутаты Г.Жұмабекова және жас ұстаз Б.Аймахан сөз сөйлеп, Конституция жобасына қатысты өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Қатысушылар құжаттың ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігін нығайту бағытындағы өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.