Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Б.Ахшаловтың үшінші тоқсан қортындысы бойынша отырысы өтті
Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Б.Ахшаловтың 2025 жылғы 30 қыркүйекте үшінші тоқсан қортындысы бойынша отырысы өтті. Отырысқа Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Мұратбек Тасыбекұлы Байсалов, Май аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері А.М.Бақауова, А.С.Уайханова және С.Б.Тулебаева қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Б.Ахшалов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындау мақсатында қызметтік әдеп нормаларын сақтау стандарттары жөнінде жадынамалар әзірленгені туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысына, олардың әрекеттеріне және жұмыстан тыс уақытта да қоғам тарапынанқатаң талаптар қойылып, сыни пікірлер туындауын ескере отырып, мереке және демалыс күндерінің алдында және жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметші жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларын ұстануға және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Осыған байланысты Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Б.Ахшалов мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын сақтау стандарттары жөнінде жадынамаларды таңысу және үнемі қолдану ұшін табыстады
Екінші сұрақ бойынша – Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу туралы және мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер кезінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары бойынша консультациялық көмек көрсету үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Мұратбек Тасыбекұлы Байсаловтың ақпараты назарға алынды. Тыңдалған ақпараттар төңірегінде, сұрақтар қойылып тиісті жауап берілді.
Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Б.Ахшалов