Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Б. Ахшаловтың екінші тоқсан қортындысы бойынша отырысы өтті
Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкіліМ.Б. Ахшаловтың 2025 жылғы 30 маусымда екінші тоқсан қортындысы бойынша отырысы өтті. Отырысқа Май аудандық мәслихатының депутаты Ғ.Т.Арынов, Май ауданы әкімінің орынбасары О.Н.Темірболатова, Май ауданының бас имамы Берік Жағыпарұлы, Май ауданының бойынша полиция аға лейтенанты Мұхтар Дастан Сержанұлы, Май ауданының ішкі саясат бөлімінің бас мамандары Бекболат Қайратұлы Қайдаров жәнеДанаНұрахметқызы Балтабаева, Май аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері У.М.Тлеубекова, А.С.Уайханова және С.Б.Тулебаева қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға сол үшін бөлінбеген орындарда қатысып сыбайлас жемқорлыққа
қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстары бойынша Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілінің М.Б.Ахшаловтыңбаяндамасы тындалды. Баяндамада мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды қатан сақтау, оның ішінде іскерлік әдеп пен, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауды, ойын мекемесіне барудан тартынуды және мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануды және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша ақпарат берді.
Екінші сұрақ бойынша–Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу бойынша Май ауданының бас имамы Берік Жағыпарұлының ақпараты тыңдалды.Осы сұрақ бойынша қосымша баяндамашы реттінде Май ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы ДанаНұрахметқызы Балтабаева ақпараты назарға алынды. Тыңдалған ақпараттар төңірегінде, сұрақтар қойылып – тиісті жауап берілді.
Үшінші сұрақ бойынша- Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер мен есірткі, және уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында Май ауданы бойынша полиция аға лейтенанты Мұхтар Дастан Сержанұлыныңақпараты тындалды. Баяндамашыға Май аудандық мәслихатының депутаты Ғ.Т.Арынов тақырып бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Төртінші сұрақ бойынша - Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Май ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бекболат Қайратұлы Қайдаровтың ақпараты тыңдалды. Баяндамашыға Май ауданы әкімінің орынбасары О.Н.Темірболатова берілген ақпарат бойынша тиісті ұсыныстар жасады. Кездесу соңында Май аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік орган ұжымындағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтауға арналған сауалнамаға қатысты.
Май аудандық маслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Б. Ахшалов