Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық мәслихат төрағасы Б. Шингисов Ертіс, Северный, Байзақов, Үлгілі, Луговой, Қызылжар ауылдарының тыл еңбеккерлеріне барып, олардың жанқиярлық қызметі үшін алғысын білдіріп, мерейтойлық медальдерін табыстады. Ардагерлерге тағзым!