«Таза Қазақстан» республикалық ауқымды акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттары Б. Шингисов және А.Сарсенова Ертіс ауылының кіреберісіне қарағай көшеттерін отырғызуға белсене қатысты. Аудандық мәслихат депутаты П. Жамбаев ауыл тұрғындарын паром өткелінің аумағын тазартудағы бастамасын қолдауға шақырды.