Партиялық бақылау

Партиялық бақылау

       2025 жылдың 15 сәуір күні аудандық мәслихат депутаты Павел Жамбаев  облыстық мәслихат депутаты Қалауиден Ибрагимов пен  «AMANAT» партия аудандық филианың атқарушы хатшысы Гульвиза Қалижановамен бірлесіп,  Ленин ауылындағы  дәрігерлік амбулаторияны  салу жұмыстарына партиялық бақылау  жүргізді.       Мониторинг барысында негізгі құрылыс және инженерлік жұмыстардың аяқталғаны  анықталды.  Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жиһаз бен жабдықтар сатып алынуда.     Депутаттар мердігер ұйым өкілімен  сындарлы диалог жүргізді.  Аумақты  абаттандыруға қатысты бірқатар пікірлер  айтылды. Мердігер  ұйымының өкілі алдағы уақытта барлық кемшіліктер түзетіледі деп сендірді.