
Бүгін ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Оpen Ertis кабинетінде ауданның мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық мас күйінде пайда болуына жол бермеу және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық мас күйінде көлікті басқару, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу жөнінде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.