2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп бекітілді

2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп бекітілді

   2026 жылғы 29 мамырда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Павлодар облысының тексеру комиссиясының мүшесі С. Тастембековтың қатысуымен аудандық мәслихаттың сессиясы өтті, онда депутаттар 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің және бюджеттің төртінші деңгейінің атқарылуы жөніндегі есептерді қарады және бекітті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты. Сессия жұмысының қорытындысы бойынша Ертіс ауданының аудандық және ауылдар мен ауылдық округтері бюджетінің атқарылуы туралы есептер назарға алынды.