Мерейтой иесін құттықтаймыз

Мерейтой иесін құттықтаймыз

        2026 жылғы 28 мамыр күні аудандық мәслихат төрағасы Байшот Шингисов денсаулық сақтау саласының ардагері Риза Нигмановна Кусаинованы мерей жасымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Риза Кусаинова  осы күнге дейін аудандық ауруханада жұмыс істейді. Ол алтыншы шақырылымның  аудандық мәслихат депутаты, содан кейін  ауданның Қоғамдық кеңесінің төрайымы болып қызмет атқарды.  Оған денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы еңбегі, ауданның әлеуметтік дамуына қосқан  үлесі үшін Ертіс аудандық мәслихатының Алғыс хаты табыс етілді.