
2025 жылғы 29 желтоқсанда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ZOOM режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияда депутаттар Ертіс ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған шешімінің жобасын қарады. Қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады. Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.