Депутаттардың бюджеттік процестегі рөлі

Депутаттардың бюджеттік процестегі рөлі

          2025 жылғы 18 желтоқсанда аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ерлан Жетписов "Бюджет процесінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының рөлі" тақырыбы бойынша оқудан өтті. Оқыту мақсаты - бюджеттік процеске қатысу мәселелерінде мәслихат депутаттарының құзыретін арттыру, жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, қарау, бекіту және олардың орындалуына мониторинг жүргізу кезіндегі рөлін нығайту. Депутаттарды оқытуды "AMANAT" партиясының Саяси менеджмент Академиясының лекторы Б. Шаменова жүргізді. Оқу "AMANAT" партиясының облыстық филиалында өтті.