2025 жылғы 15 қазанда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен кездесуге (азаматтарды қаржы пирамидаларына тартудың алдын алу және оған жол бермеу; алаяқтық схемалардың түрлері; мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындарға тартуға жол бермеу) мәслихат аппараты да қатысты. Қатысушылармен профилактикалық жұмысты Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Азат Шахманов жүргізді. Кездесуді аудандық мәслихат төрағасы Б. Шингисов ашты.