2025 жылғы 15 қазан күні Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Шахманов Азат Ертарғынұлы алаяқтық схемалардың түрлері, азаматтарды қаржы пирамидаларына тартудың алдын алу және оған жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар А. Шахманов осы тақырып бойынша слайд пен бейнеролик ұсынды. Кездесуді аудандық мәслихат төрағасы Б. Шингисов ашты.Кездесу соңында А. Шахманов қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ауыл активі аталған кездесудің пайдалылығын атап өтіп, Азат Ертарғынұлы Шахмановқа алғысын білдірді.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесі қатысты.
Кездесу аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті.