2025 жылдың 21 мамыр күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында депутат Ерлан Жетписов төрағалығымен бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізілді. Тұрақты комиссия мүшелерімен 2024 жылға арналған аудандық және төртінші деңгейдегі бюджеттің атқарылуы, Ертіс ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы және басқа да мәселелер қарастырылып талқыланды.