Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев көрнекті ғалым, академик, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының (ЕИТИ) негізін қалаушы Марат Пазылұлы Марденовке арналған көрме стендінің салтанатты ашылуына қатысты.

Марат Пазылұлы Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосқан тұлға. Оның бастамасымен 1994 жылы құрылған ЕИТИ еліміздің өндірістік саласына жоғары білікті инженер мамандар даярлайтын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналды. Институтты басқарған жылдары ол білім мен ғылым сапасының жаңа деңгейге көтерілуіне зор үлес қосты.

Көрме стенді ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасын, физика саласындағы жетістіктерін, сондай-ақ Екібастұзды білім мен ғылым орталығына айналдыру жолындағы еңбегін көрсетеді.

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Нияз Макраев:
«Марат Пазылұлының есімі қаламыздың тарихына алтын әріптермен жазылған. Оның еңбегі мен табандылығы — бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі. Біз Екібастұздан осындай ірі тұлғаның шыққанына әрдайым мақтанамыз», — деп атап өтті.

Көрме стендінің ашылуы — ғалымның рухани және ғылыми мұрасын насихаттау мен жастарға үлгі етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.