15 мая 2025 года под председательством Н.К. Макраева состоялась очередная XXX сессия Экибастузского городского маслихата.

15 мая 2025 года под председательством Н.К. Макраева состоялась очередная XXX сессия Экибастузского городского маслихата.

2025 жылғы 15 мамырда Н.К. Макраевтың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті XXX сессиясы өтті.

Сессия барысында Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А. Қ. Мұратова жергілікті атқарушы органның 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытындының негізгі қағидаларын ұсынды. 

Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М.Д.Маликова депутаттардың ұсынымдарын айтып, Екібастұз қаласы бюджетінің, сондай-ақ ауылдық округтердің, поселкелер мен ауылдардың бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі жылдық есептерді бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ, сессия шешімімен сайлау комиссияларының жаңартылған құрамы бекітілді.