Құрметті жауынгерлер және Қарулы күштер ардагерлері!

Құрметті жауынгерлер және Қарулы күштер ардагерлері!

         Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

         Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүргендер сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз. Себебі, мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар  қандай марапатқа болса да лайықты.

         Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді.

Ардақты Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтар, ардагерлер, жауынгер – интернационалистер, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық,  бақыт пен отбастарыңызға  амандық  тілеймін.

         Ардагерлеріміздің дені сау болып, еліміздің тыныштығы жолында сапта тұрған қырағы сарбаздарымыз бен сардарларымызға сәттілік тілеймін. Мереке құтты болсын!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының  төрағасы