Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев құттықтау сөз сөйледі. Ол бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті, Отан қорғаушылардың барлығына ризашылығын білдіріп, ардагерлерге батылдықтары, жанқиярлықтары және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін ерекше алғыс білдірді.
Іс - шара аясында Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі басшысының көмекшісі Кенжегүл Шильтыбаева Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Қаныш Сәтбаев атындағы канал» Павлодар пайдалану басқармасы филиалы жөндеу-механикалық шеберханаларының механикалық құрастыру жұмыстарың слесарі, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушы Риман Рашитов, Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің ведомстволық күзет тобы бастығы Данияр Сыздыков Алғыс хаттармен марапатталды.
Ресми бөлімнен кейін іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.