Астанада ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Астанада ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Секциялық және пленарлық сессияларда Парламент және мәслихат депутаттары, Үкімет мүшелері, шетелдік және қазақстандық сарапшылар Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарының II республикалық форумында және Ұлттық құрылтайдың IV отырысында белгілеген міндеттерін талқылады.
Сондай-ақ, сенаторлардың мәслихат депутаттарымен өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың, жергілікті өкілді органдар қызметінің өзекті мәселелерін шешудің және өңірлердің дамуына жәрдемдесудің маңыздылығы туралы сөз болды.