
Жасұлан Сәдуақасовтың төрағалығымен Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қоғамдық кеңестің қарауына «Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Екібастұз қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық акт жобасын енгізді. Осы мәселе бойынша баяндаған бөлім басшысы Зейнеп Жақсыбаева Ереженің 8-тармағына өзгеріс енгізілгенін, оған сәйкес алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшері ұлғайтылатынын хабарлады.
Қоғамдық кеңес мүшелері шешім жобасын бірауыздан қолдады.
Жұмыс жоспарына сәйкес сәулет және қала құрылысы бөлімінің және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты тыңдады.
Ақпараттар назарға алынды.