Қалалық мәслихаттың құрылыс

Қалалық мәслихаттың құрылыс

Қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және ТҮКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар Ж.К. Жакупов, А. Б. Иманкулов, Ж.К.Ибраев, К.Х.Турлыбеков Диспетчерская, Татулық, Профсоюзная, Угольщиков көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша аталған жұмыстарды «Multi Group GGG» ЖШС жүргізеді, шарт сомасы 45 миллион теңге.

Депутаттар  орындалатын жұмыс түрлерінің бекітілген ақаулы актіге сәйкес келмеуіне қатысты мердігер ұйымға көптеген ескертулер айтты.

Бұдан әрі Сүтжанов және Гридин көшелеріндегі жол учаскесіне барды, көшелерді асфальттау кезінде жиектастарды орнату  жұмыстаыр сапасыз орындалған, жиектас опырылып жатыр, бұл жол жабынының тұтастығының бұзылуына  әкеледі.

Көшпелі мониторинг қорытындысы сәйкес анықталған ескертулерді жою бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар дайындалды.

Мәселе депутаттық корпустың бақылауында болады.