2024 жылдың 17 сәуірінде С. Ахметовтың төрағалығымен қаланың қоғамдық кеңесінің агроөнеркәсіптік кешен және экология мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия жұмысына қала әкімінің орынбасары Е.Салханов, «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ өкілдері С. Әбілқасымов, А. Дворак, ТҮКШ бөлімі басшысының м.а. С.Атик қатысты.
Комиссия мүшелері азаматша Н. Башированың өтінішін қарады. Өтінішінде автор қаладағы көгалдандырудың өзекті мәселелерін көтерген және нақты фактілерді келтіреді.
Комиссия мүшелері өтінішті талқылап бірқатар ұсыныстар айтты.