Сапасыз тамақтануға түскен шағымдарға байланысты Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар Т.В. Шмидт, Л.Т. Касыманова, А.Б. Амургалинов, Е. А. Құсан № 10, 13 ЖОББМ мектеп асханаларына барды.
Сапар барысында депутаттар мәзірдің сәйкестігіне, асхананың жай-күйіне, қызметкерлердің сыртқы келбетіне, бөлмелердің тазалығына, ыстық тамақты, оның ішінде тегін тамақты ұйымдастыруға ерекше назар аударды. Барған мектептерде кешенді түскі астан басқа, мәзірде буфет өнімдері бар. Тамақтануды бақылауға қатысқан ата-аналармен және балалардың өздерімен сөйлескенде тек оң пікірлерді естідік. Комиссия сонымен қатар дайын тағамдардың сыртқы түрі мен дәмін бағалады.
Шығу қорытындысы бойынша елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ, ұсыныстар берілді.
Тамақтануды ұйымдастыруды бақылау жұмыстары жалғасатын болады.