2023 жылғы 01 желтоқсанда Екібастұз қаласының № 7 мектеп-гимназиясының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

2023 жылғы 01 желтоқсанда Екібастұз қаласының № 7  мектеп-гимназиясының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қалалық мәслихат төрағасы Нияз Макраев мәслихат депутаттары атынан мектеп ұжымын құттықтап, таңдаған  істеріне  адалдығы және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлестері үшін алғысын білдіріп, марапаттау рәсімін өткізді.

Қалалық мәслихаттың Құрмет грамотасы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері А.М.Әбдікенге, А.Т.Бекееваға, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.К.Сыздыковаға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Н.Широковаға  табысталды.

Бастауыш сынып мұғалімі Л.В.Зинчук, педагог-психолог Н.А.Немыкина, математика мұғалімі Г.Ж.Сарсембаева, биология пәнінің мұғалімі Г.А.Шаикова Екібастұз қалалық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.