Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

2023 жылғы 1 желтоқсанда мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М. Д. Маликованың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Қ.Қорабаева Екібастұз қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті жобасының жалпы параметрлерімен таныстырды. Ұсынылған қалалық бюджет жобасы кірістер мен шығыстар бойынша теңдестірілген, қаланы дамытудың негізгі басымдықтарын көрсетеді және барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, қалалық бюджет комиссиясы мақұлдаған. Жалақыны төлеуге жылдық қажеттілік, оның ішінде азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын 71% - ға арттыру, ескерілді. Барлық әлеуметтік маңызды іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету толық көлемде жоспарланған.  2024 жылға арналған қалалық бюджет көлемі 30 038,6 млн.теңге, 2025 жылға – 30 424,2 млн. теңге және 2026 жылға - 34 293,0 млн. теңге сомасында жоспарланған.

Сондай-ақ, депутаттар қала әкімі аппаратының, экономика және қаржы бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің шығыстарының болжамды көлемін қарастырды. Бекітілген кестеге сәйкес мәслихатта басқа да бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шығыстарының жобаларын қарау жалғастырылатын болады.