Мектеп асханасына барды

Мектеп асханасына  барды

 2023 жылғы 30 қарашада қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар А.Амургалинов, Д.Сиваракша, депутат Л. Қасыманованың көмекшісі қоғамдық мониторинг мақсатында № 5 ЖОББМ асханасына барды.

Сапар барысында мониторингтік топ мәзірдің сәйкестігіне, асхананың жай-күйіне, жайлардың тазалығына, азық-түліктің сақталуына, тәуліктік нормалардың болуына ерекше назар аударды.

Кешенді түскі астан басқа, мәзірде ботқалар мен буфет өнімдері бар.

Шығу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мектеп асханаларында тамақтандыруға мониторинг жүргізу комиссияның бақылауында және жалғастырылатын болады.