Құрметті қариялар! Қадірлі  ел қазыналары!

Құрметті қариялар! Қадірлі  ел қазыналары!

Қалалық мәслихат депутатары атынан баршаңызды қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Араларыңызда бүгінгі күнге дейін ел игі­лігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет сала­сында еңбек етіп жүргендер аз емес.

Сіздердің толайым еңбектеріңіздің, бай тәжі­рибелеріңіздің, дарқан даналықтарыңыздың алдында басымызды иеміз.

Сіздерге, сіздердің отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсау­лық, берекелі ұзақ ғұмыр тілеймін, айнала­ңыз­дағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда жүре беріңіздер!

Нияз Макраев,  Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы