«Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Екібастұз қалалық мәслихаты шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Екібастұз қалалық мәслихаты шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Екібастұз қалалық мәслихаты «Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» («Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және Екібастұз қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 қаңтардағы №220/26 шешіммен енгізілген өзгерістермен) шешім жобасын әзірледі.

2023 жылғы 30 маусымда «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа қаулысы күшіне енді.

Көрсетілген нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты мәслихаттың қолданыстағы шешімінің күші жойылды деп танылуға тиіс.

Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналасқан (2023 ж. 20.09. бастап 2023 ж. 04.10. дейін).

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14719551