Бүгін Макраев Нияз Құдайбергенұлының төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс VІІ сессиясы өтті.

Бүгін Макраев Нияз Құдайбергенұлының төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс VІІ сессиясы өтті.

Сессияның шешімдерімен жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы мәслихаттың бұрын қабылданған 11 шешімінің күші жойылды деп танылды. Сессияда Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулігі үшін  туристік жарна мөлшерлемесі 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілді.

Кадрлық өзгерістерге байланысты қалалық жер комиссиясы мен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамдары өзгертілді.

Қалалық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Жақыпов Жетпісбай Қайырбекұлы тағайындалды.