Қайыржан Әбілтаев мемлекеттік қызмет ардагері. Екібастұз халықтық бақылау қалалық комитетінің, халық депутаттары қалалық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
Депутат Арман Амургалинов қалалық мәслихат депутаттарының атынан Қайыржан Мерсадықұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, амандық тіледі. Көп жылғы адал еңбегі, Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасын табыс етті.