Әміренов Рышат Бабайұлының төрағалығымен Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда 6 мәселе қаралды.

Әміренов Рышат Бабайұлының төрағалығымен Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда 6 мәселе қаралды.

Экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қала әкімі бөлімдерінің басшылары баяндады.

Қала әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы», «Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы» қаулыларының жобалары қаралды.

Сондай-ақ, 11 ауылдық округтер аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы қалалық мәслихат шешімдерінің жобалары қаралды.