Қалалық мәслихат депутаттары атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Адамзат пен табиғат үйлесімінде тіршілік көзін реттеп отырған су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі ерен. Су шаруашылығы саласының қызметкерлері елдің су ресурстарын пайдалануды есепке алумен, жоспарлаумен және басқарумен, оларды ластанудан сарқылудан қорғайды, су шаруашылығы жүйелерін пайдаланумен айналысады. Осылайша, олар адамдардың күнделікті өмірінде, ауыл шаруашылығы саласында, жалпы ел экономикасында үлкен рөл атқарып, су арқылы әрбір үй мен кәсіпорынға өмір тіршілік нәрін береді.
Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс, әр бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихат төрағасы