Қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және ТҮКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ж.К.Жакупов депутаттар А.Б.Амургалиновпен және Ж.С Мырзабековпен бірлесіп Абай көшесіндегі жаңартылып жатқан №VIII және №XII жылу магистральдары нысандарын аралады. «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС және «Grappa Stroy» ЖШС өкілдері депутаттарды жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабардар етті. Барлық жұмыстар жоспар бойынша жүріп жатыр, №VIII ЖМ учаскесінде 1100 метр құбырдың 410 метрі, №XII ЖМ 991 метр құбырдың 597 метрі салынды. Монтаждау жұмыстары барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізуге маманданған «Лаборатория ТДНК» ЖШС түйіспелі дәнекерленген қосылыстардың сапасына міндетті түрде бақылау жүргізеді.