Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Депутаттық корпус атынан баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздеріміз – мемлекеттің кешегісін, бүгінін және ертеңін, тартқан көшін елестетумен қатар, азаматтарына сасқанда сабыр, жол таппай қиналғанда ақыл қосатын қасиетті де құдіретті күштер.

Аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды жігерлендіріп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
«Менің Қазақстаным» атты Гимніміз әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей бергей!

Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі арта берсін деп, мерейлі мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға бақыт тілеймін.

Еліміздегі тыныштығымыз бен бірлігіміз бекем болсын!

 

Нияз Макраев, қалалық мәслихат төрағасы