Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «АлматыДорСтрой» ЖШС арасында құны 1 530, 6 миллион теңге болатын Екібастұз көшелерін қайта жаңарту туралы екіжылдық шарт жасалды

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «АлматыДорСтрой» ЖШС арасында құны 1 530, 6 миллион теңге болатын Екібастұз көшелерін қайта жаңарту туралы екіжылдық шарт жасалды

Қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және ТҮКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар Ж.К. Жакупов, А.Б.Иманкулов, Ж.С.Мырзабеков қала көшелерінде  жол-жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «АлматыДорСтрой» ЖШС арасында құны 1 530, 6 миллион теңге болатын Екібастұз көшелерін қайта жаңарту туралы екіжылдық шарт жасалды.

Депутаттар Достық, Болашақ, Шахтостроительная, Энтузиастар және т.б. көшелерде орындалған жұмыстардың сапасымен танысты. ТҮКШ бөлімінің өкілі жол активтері сапасының Ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдар сапасын одан әрі сараптау үшін асфальт төсемінің өзегін тексеретінін хабарлады. 10 жұмыс күні ішінде сараптама жүргізіледі, оның қорытындысымен мәслихат депутаттары таныстырылатын болады.